ӨЛШЕМ

lat: ÓLSHEM

зат. Өлшеу бірлігі; мөлшер, шама.

Қолымнан келсе, уақыт деген өлшемді,

Жоқ қылып мүлде көрсем бір.

Қолымнан келсе, ойымның жылдамдығындай,

Жарықтың дағы тездігін тежеп, жеңсем бір (2,139).

Артық өлшем, жетпей жығылу дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді (4,269).