lat: ÓMİR
(ар. ғумр عمر)
1. Жас шамасы.
2. Тіршілік, өмір сүру, тұрмыс.
Жатсаң, тұрсаң, Құдайдан жалбарынып, Тілей гөр – аз күн өмір , аға, інім! («Иманжүсіп атынан шығарғаны». М.Жүсіп, І-том, 2003).
«Дүние ойна», ‒ деуменен өмірің өтер, Бұ дүниеге қарық болған суға кетер («Шешуі». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Қайғымен өмір өшкен-ді, Қас масқара еткен-ді («Құбығұл». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).
Өмірбаян (ғумр+байан) – автобиография .