(өмір тіршілігі) — тірі материяға тән және “өмір" ұғымымен біріктірілген белсенділіктер түрлерінің жиынтығы. Өмірлік сәтсіздіктер — адам өзі не айналасындағы адамдар сәтсіздік деп қарайтын жөне сол адамның осы жағдайды қиын өткізетін өмірдегі жағымсыз жағдайлар. Өмірлік таңдау — бұл, Л.C. Кравченконың анықтауы бойынша, тұлғаның өмірлік жолының бетбұрысты сәті. Оның пікірінше, өмірлік тандау белгілі бір тұлғалық, касиеттерді тауып қана қоймайды, сондай-ак, оларды рельефті қылады. Өмірлік таңдау адамның не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын, өзінің өмірлік мақсаттарына қалай жететінін көруге мүмкіндік береді.