lat: ÓMİR /2012/
зат. 1. Жарық дүние, бұл дүние, тіршілік; ғұмыр.
Пай-пай, өмір ! Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген – көк аспанның күркірі.
Пай-пай, өмір , Өтесің-ау бір күні! (1,166).
Өмір дегенге,
Тірлікте, сірә, жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің бір күндік Сәуле екен ғой! (3,165).
2. Адам өмірінің белгілі бір кезеңі.
Бақыттысың, пісер сенің жемісің,
Көгересің еңбек етіп ел үшін.
Сенің сондай оқушылық өмірің,
Өте қымбат, тәтті қиял мен үшін (1,25).
Студенттік өмірді тамамдадық
Азамат боп аттандық маманданып.
Аянышты бір жері тек сол ғана
– Енді бірге екеуміз қала алмадық (2,340).