ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ

lat: ÓMİR SÚRÝ DEŃGEIİ

өмірдің материалдық жағдайы. Адам құқықтарының жалпы декларациясы әрбір адам тағам, киім, тұрғын үймен қатар, жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және басқа да өзіне тәуелсіз жағдайға байланысты өмір сүру жағдайларын жоғалтқан кезде медициналық күтіммен және қажетті әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етілу үшін өзінің және отбасының денсаулығы мен жақсы тұрмыста өмір сүру деңгейі құқығына ие деп айқындайды.