lat: ÓMİRDEGİ
сын. Тірліктегі, тіршіліктегі.
Жалғызаяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.
Жалғызаяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның (2,274).
Топырақ басқан өмірдегі орнымды,
О, дариға, көрсең егер сол күнді,
Көз жүгіртіп осынау жыр жолына,
Досың жазған жырды алғанда қолыңа (4,22).