lat: ÓMİRLİK
сын. 1. Өмірге қажетті, тіршілікке тән.
Көңілден үзіп көрімдік,
Гүлдерге тағып кетем мен.
Көрімдік алам өмірлік,
Аяулы атамекеннен (3,180).
Әшір тұрғысынан бұрын-соңды бір-бір өмірлік мәселенің ұшығы байқалмаған (4,152).
2. ауыс . Мәңгілік; өмір бойы.
Мына Алла шыныменен қарғады ма?
Рақымсыз тұрмысым алдады ма?
Өмірлік досым деген мына адамға,
Беделім бес тиындық қалмады ма? Яу! (1,39).
Қалағаның болсын, қарашығым!
Мен саған өмірлік сенем (4,235).