ӨНЕР

lat: ÓNER

зат. Өнер адамының ерекше дүние туғызу қабілетінің нәтижесі; шеберлік.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім (3,201).

Ойлаңдар, достар! Өнерде «жарыс» болмайды!

Өресі жетпей, Күндестік қылған оңбайды.

Өнердің жетіп, Өсе алмай қалсаң, сол қайғы.

Күндес таласқан Өнерің өнер болмайды! (3,83).