Соңғы кезде көркемөнер деген мағынада қолданылып жүр. Кең мағынасында «өнер» деп, нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты кәсіпті айтады. Мысалы, зергерлік өнер, ұсталық өнер – белгілі бір іске, кәсіпке шеберлік. Балуан, шабандоз, қамшыгер болу да – өнер. «Ағаштан түйін түйген» дегенде ағаш ұстасының, шеберлігі айтылады. «Өнерді үйрен, үйрен де жирен» дегенде адамның әр нәрседен хабары болу, әр іске икемі болу ұғылады. Ер жігіттің жан-жақты болуын өсиеттеген халқымыздың «Жігітке жеті өнер де аз» деген мақалы да қазақ арасында «өнер» сөзінің қол данылу аясы кең болғанын дәлелдейді. Базарбаев М.