адамзаттың ұлы эмоциялық-өнегелілік тәжірибесі, ой мен сезімнің бірлігінде тұтас сурет тұғызатын іс-әрекет түрі. Өнердің өзіндік ерекшелігі бәрінен бұрын сезімге сүйенетіндігі, әлемнің құрылым үлгісін логикалы заңдармен емес, эмоциялық бейнелер жүйесінде құрайтындығында. Осы себептен ол жоғары құндылыққа ие, өйткені онда мәңгіліктің өзімен байланысты тұратын адамзаттың өшпес жүрегі өмір сүреді. Бұдан әлемді игерудің жан-жақты рухани-тәжірибелік түрі болып табылатын өнердің керемет қабілеті танылады.