ӨРТ

lat: ÓRT /56/

зат. 1 . Жаппай қаулап жанған от .

Ал ауылдың жоғарғы жағындағы өрт жалаң қағып, көкке қарай сумаң-сумаң етеді (4,189).

Қыз бала екен. Шоқпытынан аршыдық,

Өрт ішінен аман қалды талшыбық,

Талшыбықты аманатын Ананың

Қасиеттеп кеудемізге шаншыдық (2,257).


2 . ауыс. поэт. Соғыс д.м .

Сойқанды соғыс өрт , кіл апат,

Ол қайғы, ол үрей, алапат.

Бейбіт күн береке баршаға

Тыныштық, тыныштық бір рақат! (2,356).

Жойылсын соғыс! Болмасын өрт !

Адамның жанын шалмасын дерт!

Дәстүрлі күрестің туын ұстап,

Қарсы тұр соғысқа жұмысшы тап (1,92).


3 . ауыс. Жалын атқан, өткір де батыл адам.

Ақын деген лапылдаған өрт екен,

Ақындардың жанып өту серті екен.

Бықсымаспын, шалам қалмас артымда,

Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем (2,296).

Қара басы өрт болды,

Қамығып жүрек, дерт қонды.

Қайран да менің бас ием,

Қандайда күні мерт болды (2,328).