өрт қауіпсіздігін, оның ішінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар. Өрт қауіпсіздігі іс-шараларына кәсіпорындар мен елді мекендерді, өндірісті өрттен қорғау, өрт-техникалық өнімін сынау, сатып алу мен жеткізу; жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау; ғылыми-техникалық консультация беру және сараптау жүргізу; заттарды, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды өрт қауіпсіздігіне сынау; тұрғын халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту; өртке қарсы насихатты жүзеге асыру; оттан қорғау және трубапеш жұмыстары; өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарға қызмет көрсету және жөндеу; өрт сөндіру құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету кіреді.