ӨСИЕТ

lat: ÓSIET

(ар. уасиат وصية)

1. Айтып қалдырған ақыл, кеңес.

Бұ мал бітсе асылып өлермін деп, Өсиетін қабыл қып аһыд қылдым («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).

Әй, тақсыр, осылайша ғаріп қатын, Тастама ақыл айтқан өсиетін («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

2. Біреудің берген ақылы.

Ұғланның душар болдың ғаламатына, Уәзіріңнің құлақ қойма өсиетіне («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).

Ай, менің сүйіктім, жанымның пидасы, көңілімнің раушаны, жүрегімнің қуанышы, менің мына айтқан өсиетімді тыңда, деді (Дала уалаятының газеті. 1895).