ӨТІРІК

lat: ÓTİRİK

зат. Шындыққа сәйкес келмейтін, әдейі бұрмаланған сөз .

Әй, балам! Болмады ғой, болмайды ғой.

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой! (2,178).


// Шын емес, жалған .

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де (3,72).

Іш тартып ем ананы да мынаны,

Бірі күліп, бірі өтірік жылады.

Әне бірі айрылысар дос екен

Тірі жанға қимасымды сұрады

(Мен қимаймын, сырт береді ол, тынады) (2,120).