lat: ÓTİRİK
сын. 1. Шындыққа қарама-қарсы, шын емес, жалған; рас емес.
Ақан не сенерін, не сенбесін білмейді. Бірақ, тап бұл арада Науан өтірік айтуы мүмкін емес (С.Жүнісов, Ақан сері).
Өтірік лақап тарату жаудың бір әдісі екенін Тоқаш та, Ораз да түсіндіріп еді (Ж.Арыстанов, Сұңқар.).
Уәденің іске аспауы да бала алдында өтірік айту екенін ескерген жөн («Қазақст. әйелдері»).
2. псих. Шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмалауға саятын қарым-қатынас феномені.
Өтірік көбіне дереу тексерілуі қиын не мүмкін емес сөздік хабарламалардың мазмұнында білінеді не көрініс табады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Өтірік сөздік қарекеттің реципиенттерді шатастыру мақсатын көздейтінін ұғына отырып жасалған өнімі болып табылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Қарсы партияның адамынан өш алу үшін өтірік жаламен мал сұраса, ондай іске билер өзіне түсім көбірек түсу үшін көбінесе өтірік дау қозғатып, ақ-қарасын айырмастан билік айтады (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).
// ауыс. Әдейі, сынау үшін, алдарқатып.
Өтірік кетем десем
"Кетпеші ерте", – дейсің.
Айтасың "ұрсып анам Жөнімді сұрады", – деп.
– Болдым-ау қырсық саған,
– Деймін мен жылағым кеп (С.Мәуленов, Алыс кет.).
// Жалған сөз, жалғандық, өтірік айтушылық.
Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар,
Пайда ғып ешкім малын алған емес.
Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла,
Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес (Қабан жырау, Алтын қазық).