ӨТІРІК

lat: ÓTİRİK

шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмалауға саятын қарым-катынас феномені. Өтірік көбіне дереу тексерілуі қиын не мүмкін емес сөздік хабарламалардың мазмұнында білінеді не көрініс табады. Өтірік сөздік қарекеттің реципенттерді шатастыру мақсатын көздейтін. ұғына отырып жасалған өнім болып табылады. Әдетте Өтірік нақты бір жағдаяттарда жекелей не әлеуметтік артықшылықтарға ие болуға тырысудан туындайды. Оған тән сипат индивид өзінің өтірігін орнықсыз және уақытша бірдеңе деп ұғынбай бағамдайды; осыдан да бастапқыда оған жаңа қуаттамаларды көптегі ойлап табуға тырысушылық, ал кейіннен ол туралы мүлдем ештеңе демеуге бейімділік интенциясы қабаттасады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан Өтірік әр уақытта құрал болып көрінетін болса, психопотология саласында ол айналасындағыларды алдап шатастыру процесінің өзінен қанагаттанарлық сезімге бөлейді, көңілі толатын мифоман психопаттардың мақсаты болып көрініс береді.