lat: ÓTEÝ
Өте етістігінің қимыл атауы.
Ол осылай қаза тапқан, адамгершілік парызын өтеу жолында мерт болған (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).
Шама келгенше халықтың тілекталабын мінсіз өтеуге тырысамыз («Қазақст. әйелдері»).
Еліміздің болатқа деген зор талабын өтеудің неғұрлым прогрессивтік және нақтылы жолы болат конструкциялар мен машиналардың салмағын жеңілдету болып табылады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).