lat: ÓTE
2 ет. Парызын, міндетін, шығынын, қарызын, аманатын, айыбын және т.б. қайтару, құтылу, орындау және т.б.
Шыңғыс әдетте ерте оянатын еді де, дәретін алып, намазын өтеп, қайта жатып, биенің бас сауымына дейін тұрмайтын еді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Аға деген бар жасты іні көрдім.
Жеткенінше жанымнан жылу бердім.
Ұсақтарға менсініп қарағам жоқ,
Өтей бердім міндетін ірілердің (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Совет Армиясының қатарында болып, азаматтық борышыңды өтесең болғаны (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).
Анамның қабағына қараған еразаматтың жақсылығын тірі болсам өтермін (К.Қазыбаев, Ызғар).
Бәукен аздыкөпті айып кінәсін өтеп келгесін, үйде жетісегіз күн ғана қонған (Р.Әуталіпов, Алтын.).