lat: ÓTKEL
зат. 1 . Судан (өзеннен) кешіп өтуге болатын таяз жер .
Суықтан шанағынан шыққан қарасуда сең жүріп, өткел бермейтін болды (4,125).
2 . Қалың елдің арасынан адамдар өту үшін арнайы қалдырылған жол .
Римдіктер мүшел тойын жатқан кезде атқарып,
Жұрт нөпірі жүрмеуі үшін кептеліп те қапталып,
Екі жерден өткел жасап бөлетұғын қақ жарып (5,84).
3 . ауыс. Ауыр азап, қиыншылық .
Әкемді неге ұмытам кетпенімен,
Жалаңаяқ жұмысқа кеткенін мен.
Мен үшін, менің алғы күнім үшін,
Өткен-ді талай азап өткелінен (1,58).
Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері .
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері
– Жанымды жеп жүр менің көптен бері (3,181).