ӨТКЕН

lat: ÓTKEN 38/

сын. 1 . Өтіп кеткен, алдыңғы .

Өткен жылдар өшкен жоқ, санада тұр,

Талай сауыт тоздырды дала батыр.

Жалғыз қолды қарт адам тасқа қарай,

Жалғыз ұлын жетектеп бара жатыр (1,203).

Сиезді ашады, естіліп үні тұрақты.

Жанды да, жансыз дүние тегіс тұнады.

Өткен ғасырға, жеткен ғасырға сөз беріп,

Менің ғасырым бәрінің басын құрады (3,81).


2 . зат. Бастан өткен іс, болған оқиға .

Айта жатар басқалар өткенімді ,

Қан мен жасты қайтып мен төккенімді.

Жаңа дәуір алдында жөн көремін,

Азаматтық борышты өткеруді (3,144).

Өткенді еске алмаса, бүгіннің қателігін түзеу қиын, Айбар (4,244).