lat: ÓZİ
2 Басқа емес, дәл өзі деген мағынада.
Қазақ қауымы мүлде өзгерді, жаңа дәстүрлер жасалды делік, Соның айқын айғағының бірі осы Сапекеңнің өзі болып тұр (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері).
«Қазақ әдебиетінің» бөлімнен өтіп, редакторынан кері қайтқан рецензиясын Асқардың өзі арада көп жыл өткен соң өз қолыма әкеліп тапсырған бар («Жалын»).
Сондағы көпке айтқан қарттың сөзі:
«Ұқсапты атасына ер мінезі.
Мынау ит зорлықшы еді барып тұрған,
Мардымсып кеткен еді тағы да өзі (О.Шипин, Дастан.).