ӨЗІМШІЛ

lat: ÓZİMSHİL

сын. 1 . Қара басының ғана қамын ойлайтын (адам).

Бір баламен достаспайды, бір адамға қосылмайды.Өзімен-өзі жүреді де қояды. Өзімшіл (4,111).


2 . ауыс. Менмен, өркөкірек, тәкаппар .

Достастым кішісімен, үлкенімен,

Өзімшіл өжетімен, үркегімен.

Ата қазақ алыста той жасаса,

Алдымен тізіміне тіркері мен (2,228).

Өмірге ерте құлаш сермегенмен,

Өзімшіл жас жүректе тербегенмен.

Өсиетсіз, сүйеусіз, самарқау жас,

Өте алмассың өткелсіз көлденеңнен (1,40).