— өзін-өзі танытумен мәні жағынан жақын, тұлғаның өзін-өзі ашу дәрежесін білдіретін ұғымдардың бірі. Егер де ерте балалық шаққа жоғары психикалық функциялардың, қабілеттердің және т.б. қалыптасуы тән болса, балаң жастық кезенде әлеуметтік ойлау, өзіңдік сана, ынта және т.б. тән болады Өзін-өзі білдіру жөніндегі сауал жасөспірімдік және балаң жастық кезеңдерде өте өзекті болады. Ол тұлғаның дұрыс және үйлесімді дамуының негізгі алғышарттары ретінде көрініс табылады. Осы кезенде бағыттылық, бағдар, өмірде, қарым-қатынаста дұрыс бағдарлай білу сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады. Адамның осы қабілеттерін белсеңді қалыптастыратын факторлардың бірі — алуан түрлі қарым-қатынас, өзін- өзі түрлі істерде сынап көру. Тұлғаның Өзін-өзі білдіруіне әсер ететін — ол қоғам. Кейбір әлеуметтік өзара әрекеттестіктер адамдық “Менді” төмендету, ынтаны басу, адамның шынайы мәнісін бұрмалау сияқты тенденцияға ие болады. Бұл жағдайларда тұлға біртіндеп, адекватты Өзін-өзі білдірудің белгілерін жоғалтып, өзін-өзі жүзеге асырудың бұрыс жолдарын тандайды. Өз-өзінің жетілмеген бейнесі, рефлексияға, яғни өзінің тек жеке әрекеттерін ғана емес, сондай-ақ тұтас тұлғасын дұрыс бағалауға қабілеттілігінің болмауы адамды ішкі дағдарыс жағдайына, ал “өзіне-өзі айтатын сөздің болмауы” өзімен-өзі ішкі диалог құра алмау жағдайына әкеледі. Белсенділіктің себебі ретіндегі өзін-өзі білдіруге деген кажеттілік әртүрлі болуы мүмкін: біреулерде ол шектен тыс түрлерде (өзіне сүйіспеншілік), ал басқаларда айқынсыз түрде көрінуі мүмкін. Адамның өзінің ішкі “Меніне” қарсы тұра білу қабілеті неғұрлым нашар көрінсе, яғни адам неғұрлым өзін-өзі аз бағаласа, соғұрлым ол үшін сыртқы мәнерлілік (көз тартымдылық) мәнді болып табылады. Сондай-ақ, өзін-өзі білдірудің әртүрлі жетілу дәрежесі мен қалыптасу кезеңдері болады. Ерте кезеңдерде (ішкі “Мен” бейнесі қалыптаспаған шақта) тұлғада өзін-өзі білдіру өз “Менін” көрсету түрінде көрініс табады. Өзін-өзі көрсету, өзін-өзі ашу тұлғаның өз “Менін” шынайы және мәнерлі білдіруінің айқын қажеттілігіне айналған кезеңінде ғана өзін-өзі білдіру жетілген дәрежеде көрінеді. Адам өмірде өз мінез-құлық мәнерін, сөйлеу стилін және, ең бастысы, өзін-өзі әртүрлі қылықтарда, істерде білдіруге тырысады. К.А. Абульханова- Славскаяның пікірінше: “Тұлғаның өзін-өзі танытуының негізі болып табылатын өзін-өзі білдірудің қиындықтары ұялшақтык, икемсіздік, қарым-қатынастағы мазасыздық немесе керісінше сенімсіздікті жасыратын әдейі жасалатын дөрекіліктен басталады", Бұл — тұлғаның қарым-қатынасында, іс-әрекетінде, жалпы тіршілігінде көрінетін адамның өзін-өзі білдіре алмау мәселесі. К.А. Абульханова-Славская өзін-өзі білдіру тәсілдерінің қызықты типологиясын ұсынды. Оның байқауынша, бір адам өзі шынымен не сезінсе, соны білдіреді және өзін өте қызу, экспансивті көрсетеді. Ал басқа біреуі болса, сыртқа өзін-өзі білдіру үшін, яғни ішкі дүниеден сыртқыға өтуде көрінбейтін бөгетті жеңуге, белгілі бір ерікті күшті жұмсауға мәжбүр болады. Ал бірінші тип үшін ешқандай бөгет болмайды. Үшіншісі парадоксалды тип, бірдей жайттарда өзін әртүрлі, ал әртүрлі жағдайларда өзін бірдей ұстайды. Төртінші тип барлық уақытта тек өз ішкі дүниесінде ғана қалады, сыртқы жағдаятты “ескеріп” қана, тек оған бейімделіп өмір сүреді. Сонымен. автордың анықтауынша, өзін-өзі білдіру дегеніміз — іс-әрекетте, қарым-катынаста, өмір міндетгерін шешуде көрінетін, адамның өзін-өзі тұлға ретінде жүзеге асыру тәсілі. Осылайша, тұлғаның өзін-өзі танытуының қажетті тәсілі ретіндегі әлеуметте өзін-өзі білдіре білу қабілетінің маңызы зор екендігі анықталды.