ӨЗІНДІК

lat: ÓZİNDİK

сын. Өзіне тән, өзіне лайық; дербес, жеке .

Иығыма ылғи асылған,

Күнім бар менің, түнім бар.

Өзгеден ұрлап жасырған,

Өзіндік менің мінім бар (1,160).

Ақынның шеберлігі мен шешендігін өз алдына қоя тұрып, өмірге деген өзіндік көзқарасын анықтап алмай, оның творчесвосы туралы пікір айтудың өзі ескексіз қайыққа мінгенмен бірдей (4,296).