ӨЗІНДІК САНА

lat: ÓZİNDİK SANA

адамның өзін және жеке қасиеттерін түсінуі. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын, қабілеттілігін, әр бір іс-әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат-міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы. Өзін-өзі басқару негізі 1) адамның белгілі бір іс-әрекетін ұйымдастыру; 2) топтың өзіндік ерекшелігін бейнелеуі; 3) өзінөзі басқару негізі адамдардың ұйымдастыру шеберлігі дамуының дәрежесіне сәйкес құрылуы тиіс. Өзін ұстай білу өмірдің күрделі жағдайларында адамның ішкі байсалдылығын сақтап, ақылмен салмақтап әрекет жасай білу қабілеті. Өзіндік санасезім адамның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субьектісі, жеке тұлға (яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын және мінез-құлығын) ретінде ұғынуы және бағалауы. Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлтқа тән. Өзіңдік сана-сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теориялық ойлау деңгейіне көтеріледі.