lat: ÓZARA
үст. Бірімен-бірі, екеуара .
– Байеке, бәйгем қайда, атым келді,
Бас бәйгені байлану қақымда енді...
Бұғыбай нөкерлерін жиып алып,
Өзара сөйлесуді мақұл көрді (1,189).
Бұл шақта текті кімдер, тексіз кімдер,
Көр соқырлар қаншама көпті күндер.
Дос адамдар өзара жауласса егер,
Ол да менің кінәмнан деп біліңдер (3,231).