lat: ÓZGERTÝ
Өзгерт етістігінің қимыл атауы.
1. Басқаға ауыстыру.
Менің ұсынысым: басшылықты дереу өзгерту керек! Онсыз бұл колхоз оңбайды! (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
2. Бұзу, ауыстыру.
Мұндайда біреу жөнінде қалыптасқан пікірді өзгерту оңай емес (А.Жақсыбаев, Менің дост.).
3. Алмастыру, ауыстыру.
Сен жігіт, қылжаққа айналдырма, тағы да есірікпісің, қалай? Құреке, өзіңіз тастап кететін аласапыран түні ішкенім бар. Мұз сындырған винтті өзгерту үшін сең аралас суға түсуге тура келді. Жаурап шықтық та амалсыз іштік. Соның тарамай жүруі мүмкін (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз әуендері).
Ислам елдерінен көптеп қоныс аударып жатқандар Еуропаның келбетін өзгертуде («Жалын»).
Ұлтты жоюдың жақсы тәсілі – оны ең алдымен тарихынан адастыру. Ал оның жақсы тәсілі – жазуды өзгерту («Жалын»).
4. Басқа түске ену.
Тегінде, түс өзгерту – саят құстарының тіршілігіндегі ең көрнекті өзгешелігінің бірі (Саят құстар).