Өкінішті, өксікті, қамырықты, опықты

lat: Ókinishti, óksikti, qamyryqty, opyqty.

Уайым-күйініш көп, қайғы-қасіреті мол, опық жеген, мұң-шерге толы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп, Өткіздік бір нәрсеге болмайтын жетік (Абай). Өксікті елдің көңілі үшін би ауылында жиылыс болатын болды (Қ. Тапшықов). Әр адамда оның көкейін кернеген ерекше қамырықты бір ой болатын көрінеді ғой, ағасы (Ә. Көшімов). Күні кеше артта қалған опықты күндерді ұмытқандай болатын (Ш. Мұртазаев).