Өндіріс

lat: Óndiris

өмірге қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатында адамдардың табиғатты түрлендіруін сипаттайтын адам мен табиғат арасындағы зат алмасуын бейнелейтін ұғым. Қажетін тек дайын табиғи өнімдер арқылы қанағаттандыратын жануарлардан адамдардың артықшылығы өмірге қажет нәрселердің бәрін тамақ, киім, тұрғын үй және т. б. өздері өндіреді. Осылайша Өндіріс адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларына ортақ адамзаттың өмір сүруінің табиғи, қажетті шарты болып табылады. Кез келген затты өндіруге үш нәрсе қажет, оны жасауға жұмсалатын еңбек заттары; еңбек заттарын адамның өздеріне қажет формаға келтіру үшіп қолданатын еңбек құралдары; адамның мақсатты қызметі, оның еңбегі. Материалдық игіліктерді өндіру кезінде адамдар үнемі бірлесіп қызмет істейді және олар бір-бірімен өзара байланыста, қоғамдық қатынаста болады, сондықтан материалдық игіліктер өндіру әрқашан қоғамдық өндіріс болып табылады. К. Маркс қоғамдық Өндірісті бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы материалдық игіліктер өндірісі мен рухани байлықтар өндірісінің бірлігі, жиынтығы ретінде қарастырады. Мұнда материалдық игіліктер Өндірісті қоғам дамуының басты, шешуші күші және рухани байлықтар өндірісінің негізі болып табылатындығын зерттеп, дәлелдеп берді. Материалдық игіліктер өндірісіне екі түрлі қатынастар тән: өндіргіш күштер адамның табиғатқа үстемдік ету дәрежесін бейнелейді (бұл өндіріс процесінің мазмұнын көрсетеді); Өндірістік қатынастар материалдық процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастарды бейнелейді (материалдық Өндіріс процесінің қоғамдық сипатын көрсетеді). Бұл екі жақтың өзара қарым-қатынасы өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму дәрежесіне сәйкес келу заңымен анықталады. Өндіріс белгілі бір тарихи өндіріс тәсілі ретінде өмір сүреді. Жалпы айтқанда, Өндіріс дегеніміз кез келген өндіріс тәсіліне тән кейбір жалпылама сәттерді даралауға және сипаттауға мүмкіндік беретін абстракция. Өндіріс өндірілгенді бөлумен, айырбастаумен, тұтынумен тұтас бірлікте. Өндіріс пен тұтыну қоғамдық өмірдің -екі әртүрлі, сонымен бірге өзара байланысты полюстері. Бұл өзара әрекет етудегі айқындаушы нәрсе Өндіріс болып табылады, ол тұтыну затын жасап, тұтыну тәсілін белгілеп қана бермейді, сонымен бірге адам қажетінің пайда болуы мен дамуының негізгі қызметін атқарады. Өндіріс тұтыну мен өндірістік қатынастардың сппатына тәуелді өндірілген өнімді бөлу арқылы байланысады.