тарихи процестің жалпы бағытын анықтайтын қоғамдық-экономикалық формациялардың дамуы мен алмасуының негізі ретіндегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара әрекет етуінің объективтік жалпы социологиялық заңы. Маркс ашқан және тұңғыш рет тұжырымдаған бұл заң, біріншіден, Өндірістік қатынастардың өндіріс тәсілінің неғұрлым құбылмалы жаңашыл және айқындаушы жағы ретіндегі өндіргіш күштерге тәуелділігін көрсетеді. Өндіргіш күштердің даму процесінде соған сәйкес өндірістік қатынастар қалыптасады. Бірақ өндіріс дамуының диалектикасы өндіргіш күштердің дамуының белгілі бір кезеңінде бұл сәйкестіктің бұзылуына әкеліп соғады. Неғұрлым тұрақты элемент ретінде әрі қондырманың бүкіл жүйесімен бірлікте өндірістік қатынастар артта қала береді және өндіргіш күштердің даму сипаты (саналық жағы) мен деңгейіне (сандық жағы) қайшы келе бастайды. Заңдылық екіншіден, өндіргіш күштердің өндірістік құбылыстарға кері тәуелділігін белгілейді. Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштерге нақты әлеуметтік сапа беріп қана қоймайды, оларға белсенді ықпал етеді. Егер Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштерге сай келсе, ол соңғылардың прогресіне дем береді, олардың даму формасы түріне енеді. Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштермен қайшылыққа түскенде, олар өндіргіш күштердің дамуына кедергі жасап қана қоймай, тіптен оның күйреуіне әкеліп соғады. Өндіргіш күштерді сақтау және дамыту қажеттігі ертелі-кеш өндірістік қатынастардың артта қалуын жоюға, олардың өндіргіш күштердің даму сипаты мен деңгейінің сәйкестігін орнатуға әкеледі. Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің даму сипаты мен деңгейіне сай келуі де, сол сияқты сай келмеуі абсолютті түрде болмайды. Олардың бірлігі мен сәйкестігінің өзінде сәйкессіздіктің көріністері бар олар өндіргіш күштер дамыған сайын ұлғаяды және сәйкестік жақтары арта түседі де өндірістік қатынастардың ескілерін жойып жетілген өндіргіш күштерге сай келетін жаңаларын орнату жолымен шешілетін қайшылық пайда болады, Антагонистік таптарга бөлінген қоғамда ескірген өндірістік қатынастар мен жетілген өндіргіш күштердің арасындағы қайшылық дау-жанжалға дейін барады және ол әлеуметтік революция жолымен шешіледі (Әлеуметтік революция).