Өнер

lat: Óner

қоғамдық сана мен адам қызметінің өзгеше формасы, көркем тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудің аса маңызды тәсілі. Өнерді «абсолюттік рухтың", «әлемдік еріктің», «құдайдың аян етуінің» немесе суреткердің сана асты ойларының және толғанысының жемісі және керісше| деген оймен келісуге болмайды. Көркем қызметтің пайда болуының кезі, сондай-ақ адамның эстетик, сезімі мен қажетін қалыптастырудың алғы процесі еңбек болды. Алғашқы қауымдық өнердің іздерін б. 3-дан 4020 мың жылдар бұрын соңғы дәуірінен кездестіреміз. Алғашқы қауым халықтарында еңбектің тікелей байланысы болды, кейін ол күрделене өзінің мазмұны жағынан қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғамдық болмыстың формасы бола отырып, Өнер қоғамның рухани өмірінің басқа құбылыстары: ғылыммен, техникамен (Техника және эстетика) идеологиямен, ғибратпен (Эстетикалық және этикалық) қайткенде де байланысады. Өнердің өзіндік пәні адамның шындыққа эстетик қатынасы, міндеті дүниені көркемдік тұрғыда меңгеру. Сондықтан да адам, адамдардың қоғамдық байланысы мен өзара қарым-қатынасы белгілі бір нақты тарихи жағдайдағы олардың өмірі мен қызметі. Өнер шығармаларының кіндік тұсы болып табылады. Өнердің танитын нәрсесі (салиқалы көріністегі өмір) игеріліп, қайта емделеді және суреткердің қатысуымен өзгеше форма көркем бейнеде беріледі. Шындықты бейнелеу тәсілдерінің және көркемдік міндеттердің, сондай-ақ көркем бейнені жасаудың материалдық құралдарының өзгешеліктері өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Мысалы, әдебиетте дүниенің эстетик бейнесі сөз арқылы көркем суретте дүниенің түрлі-түсті нәрі керумен қабылданатып бейнелер арқылы; мүсін өнерінде пластикалық бейнелер, көлемдік кеңістілік формалар арқылы; графикада сурет сызықтары, штрих, жарық, көлеңке арқылы; музыкада дыбыстық ырғақтар арқылы; театр мен кинода кейіпкерлерді және оның негізінде жатқан драмалық қақтығыс әрекеттерді жанды адамдар актерлермен бейнелеу арқылы жүзеге асырылады; архитектура мен сәндік қолданбалы өнер шығармаларында пайдалылық және эстетикалық принциптерінің бірлігі оның ерекшелігі болып табылады. Өнерде шындықтың бейнелену пәні мен формасы оның өзіне тән қызметін атқаруға, яғни адамдардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыру үшін оларға шаттық, ләзат беретін, рухани байытатын, сонымен бірге өзінің нақты қызметі саласында сұлулық заңы бойынша оның бойында суреткерлік сезімді оятуға мүмкіндік тудырады, Өнердің осы тұтас эстетикалық функциясы арқылы оның танымдық мәні айқындалады және адамдарға идеялық-тәрбиелік әсері жүзеге асырылады.