lat: Ór keýde.
Батыл, өжет.
Батырлар жолды тосуда,
Арада өтті бір жеті.
Ақтар жөңкіп қашуда,
Бұлардан өтіп көп кетті.
Көрінгенін жібермей,
Көкқұтандай көлбетті.
Өшпендігі өршіген
Өркеуде өңшең батырлар,
Арыстандай келбетті (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Құрыштай денесіне қол батпады,
Ойынсыз отырмады үйде жөнді.
Өркеуде арыстандай арпалысып,
Жас батыр лезде екі жасқа келді (О.Шипин, Дастан.).