қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр. «Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ықтимал түрінде автономды жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда. Өркениет пен мəдениеттің бағыттарын ажырата білу қажет. Өркениет - құралды болса, мəдениет - адамгершілік пен ақылдың биіктігі. Өркениетті - былжырақтық, ал мəдениетті - дүниеқорлық бұзады. Мəдениет - даңққа, өркениет - батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мəдениет рухани маңыздылығымен үстемді, ал өркениет - материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.