Өркенің өссін [өскір]

lat: Órkeniń óssin [óskir]

Басыңа бас қосылсын, үрім-бұтақты бол д.м.-ғы алғыс .

Рақмет, балам! Өркенің өссін , үйге кір, дәм тат, тоңған боларсын, жылын, шырағым, - деп әжей құрмет көрсетіп еді (4,151).

Лючия қашаннан да қаталдықтың қас жауы, Рахильмен бірге отырған маған назар тастады. О, өркенің өскір ! деді, әңгімесін бастады (5,14).