lat: Ós
зат. 1. тех. Механизмдердің, машиналардың айналатын бөлшектерін ұстайтын өзек.
Осьтің біліктен айырмашылығы – ол айналмалы қозғалыс тасымалдайды, тек иілуге ғана қарсы әсер етеді (ҚСЭ).
Диск белгілі бұрыштық жылдамдықпен өзінің центрінен өтетін жазықтыққа перпендикуляр осьтен айнала қозғалады (О.А.Жәутіков, Жоғары мат. кіріспе).
2. мат. Бағыты көрсетілген түзу сызық.
Сонымен қатар, Декарттың «Геометриясында» координат осьтерінің қызметі бірдей емес: тек бір ось сайланып алынады да, екіншісі қажеттілігіне орай тұрғызылады (А.Көбесов, Математика тарихы.).
Зырылдауық айналып тұрғанда ақырын түртіп қалсақ, бұрын вертикаль жасап айналып тұрған ось енді конус жасап бұрыла бастайды (X. Әбішұлы, Халық астрон.).