Өткіш радиация

lat: Ótkish radıasıa

жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гамма-сәулелер мен нейтрондар). Бұл ядролық жарылыс кезінде пайда болып, лезде жан-жаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны. Өткіш радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 проценті кетеді. Өткіш радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар көбею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулеленудің мөлшері ірқылы біледі, оны рентген көрсетеді. Тротилді жвиваленті 20 мың тонна ядролық бомба ашық жерде жарылғанда эпицентрден 600 м қашықтықта сәулелену дозасы 10 мың рентгенге, 1 км қашықтықта 1000 рентгенге, 1,5 қашықтықта 100 рентгенге жетеді. Әр түрлі заттардан (оның ішінде ауадан да) өткенде гамма-сәулелер мен нейтрондардың күші кемиді. Радиацияңың өсері жабулы блиндаждардан, баспаналардан, тік ордан, үйлердің қабырғаларынан, кемелер мен танкілердің корпусынан өткенде азаяды. Бұлар сәулелерден де қорғайды. Жер астында немесе су астында жасалынған ядролық жарылыстың әсерін жер қабаттары (немесе су) едәуір ізайтады, қауіпсіздендіреді. Мәселен, 10 см бетон, 14 см жер қабаты, қалыңдығы 25 см ағаш өткіш радиацияның күшін екі еседей кемітеді, Сондықтан да жарылыс кезінде арнаулы орындарға жасырынған адамдар бірдей қашықтықта тұрғанның өзінде радияцияның мөлшерін ашық жерде қалғандардан едәуір аз қабылдайды. Демек, зиянды өткіш радиациядан қорғанатын сенімді орындар - жасырынатын арнаулы жерлер, кепелер, жертөлелер және ауа соққы толқыны мен сәуле зақымынан қорғанатын басқа да орындар болып табылады.