Өтпек

lat: Ótpek

(Гур., Маңғ.; Орал, Жән.) пешке пісірілген бөлке нан. Алтынай өтпек пісіріп жатыр. Дастарқанга өтпек сал (Орал, Жән.). Өтпекті көбіне қысқа қарай пісіреміз (Гур., Маңг.). 2. (Рес., Сарат.) нан. Ақ өтпекті өзіміз жейміз (Рес., Сарат.). Алтай тілдерінде нан мағынасында (В. Рад., Опыт..., 1,1275). [Татарша икмәк нан (Тат.-рус. сл., 164)].