Өз білігінен айналу

lat: Óz biliginen aınalý.

А с т р. Аспан денелерінің өз осін айнала қозғалуы. Соңғы кезде радиолокация арқылы Шолпанның ө з б і л і г і н е н а й н а л у ы он тәулікке тең екені анықталады (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін тур.). Соңғы кездерде 1955 жылмен 1958 жылдың арасында атом сағаты арқылы жердің ө з б і л і г і н е н а й н а л у жылдамдығы шабандап, тәуліктің 0,00043 секундқа ұзарғандығы байқалады (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін тур.). Сатурн Күнді 29,5 жылда толық бір айналып шығады. Оның Күнді айналу жылдамдығы секундына 9,6 километр, ал ө з б і л і г і н е н а й н а л у уақыты 10 сағат 14 минут (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін тур.).