Өзгерген форма

lat: Ózgergen forma

Буржуазиялық қоғамның экономикалық ақиқатын зерттеу процесінде К.Маркстің қолданған түсінігі. Алайда, оның методологиялық және дүниетанымдық маңызы оны саяси экономияда қолдану аясынан шығып, жатсынудың барлық дамыған жүйелерін (саясатты, правоны, ғылымды, өнерді және т.б.) зерттеуде нәтежиелі болады. Жалпы анықтама бойынша өзгерген форма дегеніміз біртұтас жүйе ретінде жатсыну сәті (немесе аспект(немесе аспектісі ) мен сатысы. Демек бұл сатының алдында жатсынудың басқа сатылары пайда болды. Олардың негізгілері мыналар: өзгерген форма бастапқы, яки, Маркс айтқанындай; алғашқы формасы болады. Тіпті бұдан бұрын пайда болды. Өзгерген форма осындай бола алады. Алайда оны тарихи тұрғыдан алғанда (сондықтан да талдау үшін тарихи) алғашқы форма болады. Ол былай пайда болады. Ең қарапайым өзгерген форма пайда болып қолданылмас бұрын бірқатар жанама процестер орын алып, олар абстрактылы жалпыламалық яки редукцияланған нақтылық саласы ретінде белгіленуі мүмкін. Өзіндік ерекшеліктері бар саланың немесе деңгейдің пайда болуына апарып соғады. Істің мәнісі мынада: редукцияланған нақтылылық саласы алдыменен өзін туғызған нақты жағдайға байланысты дербестікке ие болады, содан соң туғызған және туған нәрселердің арасындағы қатынас өзгерісқе ұшырайды, сондықтан екіншісі енді бастапқы және маңызды нәрсе ретінде, ал біріншісі екіншісінің нәтижесі ретінде және оны байқап, анықтауға қажет материя ретінде ғана кіреді. Маркс осыған байланысты бұл жағдайда «мәселе абстрактылы жалпыламалықтың нақты бір нәрсенің маңызына ие болуында емес, керісінше,нақты бір сезімдік "нәрсенің абстрактылы жалпыламалықты анықтау формасының немесе оны жүзеге асырудың белгілі бір формасының маңызына ие болуында» болып отырғанын атап өтеді. Сайып келгенде: а) шыңдық екі салаға бөлінеді: б) оларға бір-біріне байланысты дербестік беріледі; в) олардың арасындағы қатынастар өзгереді (демек бұрмаланады); г) осының негізінде шындық көбейеді. Абстрактылы жалпыламалық (яки редукцияланған нақтылылық) саласы әрі өзгерген формалар пайда болатын өзінше бір материал әрі ішінде Өзгерген формалар қолданылатын өлшем (яки деңгей) болып бой көрсетеді. Абстрактылы жалпыламалық саласының өзі өзінің қозғалысында бірқатар кезеңдерден өтеді, олар ,осы саладан өзін таза күйінде орнықтыру тенденциясын жүзеге асырумен ерекшеленеді. Міне, редукцияланған нақтылықтың осы формасы тарихи бастапқы яки ең алғашқы форма болып табылады. Ең алғашқы формадан Өзгерген формаға көшірудің тек формалды нәрсе екенін, сондықтан олардың арасындағы өзгешілік те формалды, яғни формасындағы өзгешелік қана болып табылатыны маңызды. Алайда бұл формалды ғана өзгешелік мән-мағынасы бойынша өзгешелікке айналады. Өйткені бастапқы форма нәрсе екенін, сондықтан олардың арасындағы өзгешілік те формалды, яғни формасындағы өзгешелік қана болып табылатыны маңызды. Алайда бұл формалды ғана өзгешелік мән-мағынасы бойынша өзгешелікке айналады. Өйткені бастапқы форма Өзгерген формада мүлдем адам танымастай күйге ұшырап, ол оған өзін осындай жағдайға қоятын, бірақ онда тікелей байқалмайтын бірқатар жанама күйдің нәтижесіне ие болады. Ол жанама процестің нәтижесі, бірақ оның келбетінде бұл процесс бүркемеленген және өшіп-сөнген күйде болып шығады. Бірақ бұл жанама процестер қандай болмасын (ал олардың сипаты алуан-түрлі болуы мүмкін) материалынан бастапқы форма да, Өзгерген формада пайда болған редукцияланған нақтылық санасының өзі емес, алдымен пайда болып, содан соң редукцияланған нақтылылық саласы өзіне бағындырған объективті бастапқы ақиқат саласының олардың нағыз қайнар көзі болуы маңызды және елеулі жәйт болып табылады.