Өзімшіл болушылық. Рас сөзге ор қазып, тор құрмақ не деген нысап, құры өзімшілдік, һөм өзімшілдік - әрбір адамды бұзатын пиғыл (Абай). Эгоизм, менменшілдік, өзімшілдік адамды рухани жағынан тайыздыққа апарып соқтырады («Қазақст. мект.»). Сізде менмендік бар да, іскерлік жоқ көрінеді, - деді Алма (3. Шашкин). Мұның бәрі Сабыржанның эгоизмін асқындыра түсіп, менмендік, өркөкіректік қанына сіңуге айналды (О. Сәрсенбаев).