19 ғасырдың аяғында мораль теориясында пайда болған ағым. Оның идеяларын түрлі бағыттағы философтар — объективтік идеалистер (Ф. Брэдли, Дж. Мак-Таггарт, Дж. С. Маккенди, Б. Бозакент — Англияда, Дж. Ройс — АҚШ-та), американ және француз персоналистері (Б. Боух, М. Колкинз, У. Хоккинг, Э. Мунье, Ж. Бастид), италян неогегельшілі Кроче және т. б. өрістетті. Өзін көрсету этикасы бойынша моральдық қызметтің көздегені әрбір адамның өзін ерекше, теңдесі жоқ деп санайтын «ішкі Мен дегенін» іс жүзінде көрсету болып табылады. Осыдан келіп адамдардың істегенін істерінің адамгершілік мәні олардың өзгешелігінде, өзіндік қасиетінде деген қорытынды жасалады. Индивидуализм принципіне сүйеніп, адамгершілік белгілерін бұлай түсіндіру, сайып келгенде, мораль туралы волюнтаристік тұжырымдарға әкеледі. Өзін көрсету этикасы теоретиктері әр алуан жекелеген «мен»-дерді, белгілі бір «абсолюттік Мен» (кейде құдай ретінде қарастырылатын) жүйесіне қосады, бұл жүйеге қатысты біріншілер бір тұтастық бөліктер ролін атқарады. Осындай жүйенің арқасында мүдделер үйлесімділігі қамтамасыз етіледі, мысалы, әрбір адам тұтастыққа, яғни қоғамға тек қана өзіне тән адамгершілік мәннің қажеттіктеріне сәйкес қызмет етеді.