Қоғамдық негізде жұмыс істейтін орган, ммлекеттік және қоғамдық тұрғын-үй қорын және оның сақталуын қамтамасыз етуді басқаруға халықты қатыстырудың бір формасы. Ү й к о м и т е т і мемлекеттік және қоғамдық тұрғын үй қорының әрбір тұрғын үй пайдалану ұйымында қоғамдық негізде құрылады. Ол үйдің сақталуына, дұрыс пайдалануына, тұрғын үйлерді көріктендіруге, пәтерлерді, үйлерді және үй іргесіндегі территорияны үлгілі ұстауға, тұрғындарға көрсетілетін қызмет дәрежесінің жоғары болуына жәрдемдеседі (“Шаңырақ” энц.).