Үй тапсырмасы

lat: Úı tapsyrmasy

п е д. Шәкірттің, оқушының сыныптан тыс, үйде орындап келуі үшін берілетін тапсырма. Ү й т а п с ы р м а л а р ы н орындау класта өтілетін сабақтар кезінде үйренгенін бекітуге, ұзақ отырып оқуға қабілеттілікке, іскерлікке, тәртіптілікке, оқуға жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді (Семья тәрбиесі). Ү й т а п с ы р м а с ы н орындап болып, жаттама өлеңін жаттады (Б.Тұрсынбаев, Айнымас дос.).