Бұл етістік ой деген есім сөзге етістік тудыратын -ра/-ре жұрнағы жалғануы арқылы жасалған, -н — етіс жұрнағы. Ой сөзі түркі тілдердің көбінде (өг, ей, уй тұлғаларында) бар сөз. Көне түркі нұсқаларында «ойлау, түсіну» мағынасында ө етістігі қолданылған (Рясянен. Мат-лы по ист. фон. тюрк. яз, 106; Юнусалиев. Кирг. лекс. I, 39), сол ө түбірінен өрбіп, бұл сөз ө<өг//өгрән//өгрен < өйрән//өйрен//үйрен болып өзгерген. Қазірдің өзінде бұл сөз кейбір түркі тілдерінде өгрән, ігрән, ойрән, уйрән түрінде айтылады. (Н. Қ.)