ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

lat: ÚI TAPSYRMASY

оқушылардың сабақта алған білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсатында сондай-ақ жаңа оқу материалын меңгеруге дайындық үшін, кейде күш жетерліктей танымдық тапсырмаларды өз бетімен шешу үшін жасалатын өзіндік жұмысының бір түрі. Үй тапсырмасы оқыту жұмысының міндетті құрамдасы, өздігінен білім алуға дайындық құралы.