lat: ÚIRENÝ
Адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл-қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі – білім.
Үйренудің адам және жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар; сенсор, мотор, сенсо-мотор. Адамға тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды.
Сенсорлық үйрену арқылы – білім, моторлық үйренумен – дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренулер – адамның білімді, үйренулер мен дағдыны меңгеру үрдісі және нәтижесі.