Адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл-қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі — білім. Үйренудің адам және жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар: сенсор, мотор, сенсо- мотор. Адамға тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы — білім, моторлық үйренумен — дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Үйренулер — адамның білімді, үйренулер мен дағдыны меңгеру үрдісі және нәтижесі.