Үйрету дегеніміз — үйретудің идеологиясы мен бағдарламасын, соңдай-ақ шынайы білім беру мен үйретуге басшылық жасаудың тұлға мен мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан қалыптастырудың педагогикалык әдістерін анғартатын философиялық, соңдай-ақ әлеуметтанушылық ұғым. Практикада үйрету әлеуметтануы негізінен мектепте оқытумен, әсіресе өнеркәсіпті елдердің осы заманғы қоғамын жаппай оқыту жүйесімен, соның ішінде жоғары, арнаулы орта білім беру, ересек адамдарды оқыту жүйесімен байланыстырылады. Педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және педагогика бұл істің бәсекелес төрт іргелі принципін даярлады, олар — элиталық яки платондық оқыту; ашық яки энциклопедиялық білім беру; кәсіптік үйрету және азаматтық білім беру (мұның мысалы: марксистік мемлекеттік социализм тұсындағыдай демократиялық және политехникалык мектептер жүйесіне арналған прагматикалық оқытудың америкалық жүйесі). Әлеуметтанушылар педагогиканың осынау іргелі принциптерінің қайсысына ерекше ден қойылатынын нақты қоғамдардың өкімет құрылымы мен қажеттері айқындайды деген мәселеде пікірталасын әлі доғарған жоқ. Үйрету әлеуметтануының жүйелік сипатын Э.Дюркгеймнің табиғи ынтымақ негізі ретінде адамгершілік беруді түбегейлі зерттеуі мен М.Вебердің Қытайдың білімді адамдарын саяси бақылау аппараты ретінде талдауынан бастап аңғаруға болады. Бірақ бұл тақырыптың Екінші жиһан соғысынан кейінгі негізгі дамуы Америкада технологиялық функционализм, Еуропада мүмкіндіктердің эгалитарлық реформасы және экономикада адам — капитал теориясы ұғымдарымен байланысты өрбіді. Осының бірі мектепте алынған білім көлемінің және индивидуум мен қоғамның экономикалық прогресі арасындағы байланыстың кездейсоқ екендігін қуаттап берді. Бұл ұғымдар, сондай-ақ индустрияландыру кезінде техникалық жағынан жақсы даярланған.