ҮКІ

lat: ÚKİ

зат. зоол. 1. Жүні үлпілдек, көзі үлкен түн құсу.

Сықылықтап төменде бұлақ жатты,

Тоқтата алмай күлкісін құлап қапты.

Билеп ала жөнеліп қарағайлар,

Түн үкісі қанатын бір-ақ қақты (2,338).

Қоңырси көңнің түтіні,

Астына кіріп күпінің.

Ұйқыға енді батқанда,

Естілсе кенет шатқалдан,

Үрейлі үні үкінің (3,189).

2. метафор. Көденің (боз, селеу) үлпілдеген жұмсақ басы.

Жанай соққан бөктерден тау самалы,

Жасыл алқап далаға жан салады.

Боз үкісін көделер үлпілдетсе,

Саршұнақ, бетегелер тамсанады (1,305).