ҮКІМЕТ

lat: ÚKİMET

мемлекеттің атқарушы билігінің жоғарғы органы. Үкіметтің саяси-құқықтық мәртебесі конституциямен анықталады, кейде арнайы заңнамалық актімен белгіленеді. Үкіметті парламент немесе мемлекет басшысы құрады. Әдетте оны төраға немесе премьер-министр басқарады. Көбіне үкімет парламенттің сеніміне ие болуы керек, сенімін ақтамаған жағдайда отставкаға кетеді, таратылады.